Пеште картоп пен балық пісірмесі
ҚҰРАМЫ:
Картоп — 1 кг.
Балық (қылтығы аздау болса өзіңізге жақсы)
Аскөк(укроп) — 5-6 тал
Тұз
Қара бұрыш
Қызыл бұрыш
Кептірілген паприка
Сарымсақ — 5 — 6 түйір.
Сұйық май
1. Алдымен картоптарымыздың қабығын ашып, жуып, тазалап, ұзыншалап, әр картопты 16 бөлікке бөліп, шұңғыл ыдысқа салып, үстіне аскөк, тұз, қара бұрыш, үккіштен өткізілген сарымсақ, кептірілген паприка(суретте қызыл боп көрініп тұр, базарда кәрістер сатады), аз ғана қызыл бұрыш салып, 0,5 стақандай сұйық май құйып, араластырамыз да, пісіретін табамызға картоптарымызды тіземіз. Картоптан қалған маринадқа,екіге бөлінген балықтарымыздың кеуде тұстарын салып, аунатып аламыз да, тізілген картоптың үстіне орналастырамыз. Қалған маринадты балықтың үстіне жағып шығамыз.
2. 200 дәрежеде ысыған пешке 40 минутқа бетін міндетті түрде фольгамен жауып пісіреміз. 40 минут өткен соң фольганы алғанда, тағамның майы, балықтың шырыны шыққанын байқаймыз, ол бізге қажетсіз, сондықтан оны төгіп тастап, табамыздың бетін жаппай пеште тағы 15 минуттай қызарғанша пісіріп аламыз.
АС БОЛСЫН!